14 жастағы Медет Маратов Прапорщиково ауылындағы өзі оқитын мектебінен 20 сәуір күні шығып кетіп, үйіне сол күйі оралмаған. Араға бір тәуілктен аса уақыт салып полицейлер оның өлі денесін тапты деп хабарлайды YK-news.kz.
Медеттің анасы ұлы жоғалған күні-ақ ішкі істер органдарына арыз жазған. Өйткені, баласы мектептен ешқашан кешігіп келмейді екен. Ал, егер достарымен футболға баратын болса, алдын ала ескертіп отыратын дейді ол.
Айта кетейік, Медетті соңғы рет 20 сәуір күні мектеп маңынан өз сыныптастары көрген. Ол қызыл түсті көлікпен келген бейтаныс ер азаматпен сөйлесіпті. Алайда, оның көлікке отырған-отырмағанын ешкім аңғармаған.