$ 494.87  520.65  4.91

Пневмониядан көз жұмғандар қалай жерленеді? - министр жауабы

СОVID-19 диагнозы зертханалық расталған жағдайда қайтыс болған адамның денесі ашылмайды және туыстарына берілмейді.
Фото: azattyq.org
Фото: azattyq.org

Өкпе қабынуынан көз жұмғандарға коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу ержесі қолданылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында министрге «коронавирустан қаза тапқандарды жерлеу ережесі өкпе қабынуынан қайтыс болғандарға да қолданыла ма?» деген сұрақ қойылған еді.

«Бұл бірдей жағдай. Сондықтан емдеу шараларымен қатар басқа да прициптер сақталатын болады», - деп жауап берді министр.

Айта кетейік, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың коронавирус індетінен қаза тапқандарды жерлеу алгоритмі айқындалған қаулысы шыққан болатын. Аталған қаулының қосымшасына сәйкес, COVID-19-ға күдікті адам қайтыс болғанда эпидемиологиялық тексеру және осы жағдайға байланысты басқа да іс-шаралар эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып тез арада жүргізіледі.

СОVID-19 диагнозы зертханалық расталған жағдайда қайтыс болған адамның денесі ашылмайды және туыстарына берілмейді. Ал, COVID-19-ға күдікті қайтыс болғанда мәйіт зертханалық зерттеу нәтижесі шыққанша туыстарына берілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары