$ 449.58  486.94  4.86

Алексей Цой орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Олжас Әбішев өз еркімен қызметтен кету туралы өтінішті алдыңғы аптада жазған.
Фото: dailynews.kz
Фото: dailynews.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұсталуына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазір оған қатысты нақты ақпарат жоқ, себебі тергеу жүріп жатыр. Мен уәкілетті органдар өздерінде бар ақпаратты жеткізеді деп ойлаймын. 

Олжас Әбішев өз еркімен қызметтен кету туралы өтінішті алдыңғы аптада жазған. Сондықтан бұл мәселе қазір қарастырылып жатқан жоқ. Егер шешім шықса, ол қызметінен босатылады", - деді Цой ОКҚ брифингінде.  

Еске салайық, кеше, 2 тамызда, Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұсталғаны белгілі болды. 

"ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ҚР денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевті ұстағанын растайды", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары