$ 494.87  520.65  4.91

Үлкен Алматы өзенінде «қара джипін» жуған жүргізушіге айыппұл салынды (ВИДЕО)

Көлік иесі айыбын толық мойындап, бұл әрекеті үшін өкінетінін айтты.

Алматы қалық Полициясы департаментінің хабарлауынша, Үлкен Алматы өзенінде «Range Rover» маркалы жол талғамайтын көлігін жуған жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап. Болған жағдайды айғақтайтын видео әлеуметтік желілерде тараған. 

Көлік иесі айыбын толық мойындап, бұл әрекеті үшін өкінетінін айтты. Сондай-ақ басқа жандарды мұндай әрекет жасамауға шақырды.  

«Көлік жүргізушісі дереу анықталып, бөлімшеге жеткізілді. Ол – 1985 жылы туған Б. есімді азамат. Оның айтуынша, бұл жағдай 30 шілдеде болған. Б. мырза көлігінің дөңгелектерін жуу үшін өзенге барғанын түсіндірді. Кінәсін толық мойындады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабына сәйкес құқық бұзушы қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК (13 мың 890 теңге) көлемінде айыппұл салынды», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Сатаров. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары