$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Украинаның «қызыл тізіміне» енді

Бұл шарттың босқындарға, азаматтығы жоқ адамдарға, дипломатиялық және консулдық мекемелердің қызметкерлеріне, халықаралық миссиялардың өкілдеріне қатысы жоқ.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Украина билігі жаңа ереже қабылдады, оған сәйкес елге келген азаматтар қай мемлекеттен келгеніне байланысты екі санатқа бөлінеді. Елдер өз кезегінде "қызыл" және "жасыл" аймақтарға бөлінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаңа ережелерді "Европейская правда" басылымы жариялады. БАҚ-тың хабарлауынша, енді украиналық жақ "қызыл тізімге" КВИ жұқтырғандардың саны соңғы екі аптада 100 мың адамға шаққанда Украинадағы көрсеткіштен асқан мемлекеттерді қосады. Сондай-ақ, мемлекетті "Қызыл тізімге" қосудың тағы бір критерийі - 2 апта ішінде коронавирус жұқтырғандардың 30%-ға артуы.

Айта кету керек, "Қызыл тізімге" 127 мемлекет, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Қытай және тіпті, бірде-бір COVID-19 ресми түрде расталмаған Түрікменстан да енген. Перу билігі төтенше жағдай мерзімін тағы бір айға ұзартты Қай елдің "қызыл аймаққа", қай елдің "жасыл" аймаққа кіретінін мына жерден көруге болады. 

Тізім әр 7 күн сайын жаңартылады. "Қызыл аймақ" елдерінен Украинаға келген азаматтар екі апталық карантинге жіберіледі. Олар сондай-ақ, бір тәулік ішінде КВИ-дің бар-жоғын анықтайтын ПТР тесттен өтуі керек, не кем дегенде инфекцияның жоқтығын растайтын екі тәулік бұрын жасалған анықтаманы көрсетуі тиіс. Сонымен қатар, өзге мемлекеттердің азаматтарында медициналық анықтама болуы қажет. Бұл шарттың босқындарға, азаматтығы жоқ адамдарға, дипломатиялық және консулдық мекемелердің қызметкерлеріне, халықаралық миссиялардың өкілдеріне қатысы жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары