$ 448.89  477.93  4.76

Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдықтарға мал шығыны үшін өтемақы берілді

Ұсақ малға 25 мыңнан 45 мың теңгеге, үй құсына 2000 теңгеге дейін өтемақы берілген.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында болған төтенше жағдай кезінде үй жануарларынан айрылған азаматтарға мал шығыны толығымен төленді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Топан су басқанда жалпы аудандағы 22 отбасы 144 бас малынан ажырап, шығынданған болатын. Бүгінде "Түркістан" корпоративтік әлеуметтік қоры арқылы түйеге 300 мың теңгеден 1,5 млн. теңгеге дейін, жылқыға 160 мыңнан 380 мың теңгеге, сиырға 110 мыңнан 220 мың теңгеге, ұсақ малға 25 мыңнан 45 мың теңгеге, үй құсына 2000 теңгеге дейін өтемақы берілген.

Жалпы тасқын судан зардап шеккен ауылдарды қоқыстан тазарту кезінде 930-дан астам мал өлекселері шығарылған. Оның ішінде 40-ы ірі қара, 876-сы ұсақ мал, 9-ы жылқы, 6-ы түйе.

Тағы оқи отырыңыз: Түркістан облысында батпаққа батқан бұзауды құтқару сәті ВИДЕОға түсіп қалды

Сардоба су қоймасындағы апатқа жайын балықтардың көбейіп кетуі кінәлі ме? - сарапшы пікірі

Анықтау жұмыстары барысында төрт түліктің басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан топан сумен ағып келгені белгілі болған. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы және аудандық "Ветеринариялық қызметі" КММ-нің өкілдерінен арнайы комиссия құрылып, жоғалған үй жануарларын түгендеу және мал өлекселерін жою жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайдан зардап шеккен елдімекендер толығымен дезинфекцияланған.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының басында Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы жарылып, салдарынан шекаралас орналасқан Түркістан облысының бірнеше ауданы мен ауылын су шайып кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары