$ 494.87  520.65  4.91

2,5 жасар баланы өлімші етіп сабаған офицер 19 жылға сотталды

Офицер күйеуі әйеліне баланы тепкішектен құлап қайтыс болды деп түсіндір деген.
фото: azattyq.org
фото: azattyq.org

Ташкентте Ұлттық гвардия офицері әйелінің 2,5 жастағы туысқан ұлын өлімші етіп сабаған. Бұл жөнінде Сentralasian.org жазды.

Ташкент облысында тұратын баланың шешесі ақша табу үшін Түркияға кеткен. Ұлын үлкен әпкесінің үйіне қалдырған. Әпкесінің күйеуі ішіп алып, әйелін және кішкентай сәбиді үнемі сабап келген екен. Бір күні әйелі күйеуінің соққысынан қашып, тығылған кезде, күйеуі үйіндегі кішкентай сәбиді аяусыз ұрған. Бала соққыдан тілге келмей қайтыс болған.

Офицер күйеуі әйеліне баланы тепкішектен құлап қайтыс болды деп түсіндір деген.

Бірақ жергілікті дәрігерлер баланың құлап қаза тапқанына күмән келтірген. Осыдан кейін сәбидің әжесі құқық қорғау органдарына шағымданған.

Сот медициналық сараптама сәбидің соққыдан қайтыс болғаны жөнінде анықтама берген. Осыдан кейін бірден қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілген.

Жәбірлеуші 19 жылға сотталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары