$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтан мектептеріне жаңа оқулықтар таратылып жатыр

Екі апта ішінде елордаға шамамен 20 КамАЗ-бен 750 тонна оқулық әкелінген.

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мен «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері қаладағы жалпы білім беретін мектептерге кітаптардың таралуын қадағалап, көшпелі мониторинг жүргізді. Ол туралы толыққанды ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Осылайша, қазір елордада жаңа оқу жылына дайындық жалғасып, мектептер жаппай оқулықтармен қамтамасыз етіліп жатыр.

"Бұл қоймада 1-11 сыныптарға арналған 19 баспаның оқулықтары бар. Осы жерден барлық мектептер кестеге сәйкес оқулықтар алады. Бүгінгі таңда 35 мектеп кітап алды", - дейді қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева.

Бұл ретте санитария нормалары қатаң сақталады. Екі апта ішінде елордаға шамамен 20 КамАЗ-бен 750 тонна оқулық әкелінген. Олар мектептерге бөлінуде. Оқу құралын уақытылы жеткізуді мониторинг тобы қадағалайды.

"Қалалық білім басқармасымен бірлесе отырып, Қосшы ауылындағы мектепке барып, оқулықтарды 1-11 сыныптарға тараттық. Атап айтқанда, оқулықтардың №54 мектеп-лицейге жіберілуін қадағаладық. Біз бұл үдерісті толық бақылаймыз", – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева.

Еске сала кетсек, Қазақстанда биыл еліміздің барлық мектептеріндегі 1-11 сынып оқушыларын қашықтан оқыту жоспарланған. Осыған байланысты білім басқармасына және мектеп директорларына барлық мектептердің қашықтан оқытуға дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жаңа оқулық