Жамбыл облысында ең ірі екі табиғи өрт алдын ала мәлімет бойынша 18 мың га алқапта орын алды. Өрт салдарынан елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіру қиын ауа-райы жағдайымен күрделене түсуде: +38 градус, жел 17 м/с болып тұрған, - деп хабарлайды Sn.kz.
Атап айтқанда, Мойынқұм ауданының Мойынқұм ауылынан 180 шақырым жерде, Қарабөгет ауылынан 50 шақырым қашықтықта «Мойынқұм орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ аумағында құмды жерде алдын ала мәлімет бойынша 10 мың га аумақта құрғақ шөп пен сексеуіл жанған.
«Өртті сөндіруге 219 адам, 51 бірлік техника және 1 тікұшақ жұмылдырылды, олар ТЖД, «Мойынқұм, Байзақ, Меркі және Жуалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелері» КММ, Мойынқұм ауданының ерікті өртке қарсы құрылымдары, «Қазавиаорманқорғау» РМК күштері мен құралдары қатыстырылды», - дейді облыстықТқтенше жағдайлар департаменті.
Сонымен бірге Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылынан 100 шақырым жерде, Луговой орман шаруашылығының аумағында құмды жерде құрғақ шөптің жануы орын алып, Мерке ауданы Сарықоба орманшылығы аумағына өтіп, алдын ала мәлімет бойынша 8 мың га аумақта өрт шықты. «Сағат 10:20-да өрт ауыздықталып, сағат 16:15-те сөндірілді. Өртті сөндіру қиын ауа-райы жағдайларына байланысты күрделенді: +35 градус, жел 12 м/с болды. Өртті сөндіруге ТЖД, ЕӨҚҚ, «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ, «Луговое орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ 177 адам мен 35 бірлік техника құрамында күштері мен құралдары тартылды», - дейді төтеншеліктер.
Өртті сөндіруге 177 адам мен 35 бірлік техника жұмылдырылды, олар ТЖД, ЕӨҚҚ, «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ, «Луговое орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ күштері мен құралдары.
Естеріңізге сала кетейік, 18 шілдеде кешке Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Мойынқұм ауылынан 180 шақырым жерде құрғақ шөп пен сексеуіл жанды. Жою жұмыстарында барлығы 266 адам, 61 бірлік техника және 1 тікұшақ жұмылдырылды. Бұл Жамбыл облысы ТЖД, «Мойынқұм, Байзақ, Меркі, Қосқұдық, Қордай және Жуалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелері» КММ, Мойынқұм ауданының ерікті өрт сөндіру құрылымдары, «Қазавиаорманқорғау» РМК күштері мен құралдары. 21 шілдеде сағат 09:45-те алдын ала ауданы 18 мың га өрт оқушауланды. Өрт орнында қарауылдау жүргізілді. Жағдайды бағалау мақсатында «Қазавиаорманкүзеті» РМК МИ-2 тікұшағымен аумақты бойлай ұшу жасалды. екпіні секундына 15 метр, кей жерлерде секундына 23 метр қатты соққан жел өртті сөндіруге қиындық туғызды.
Айта кетейік, ағымдағы жылғы 20 шілдеде өткен тәулікте 27 табиғи өрт оқиғасы тіркелді.
Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарындағы 15 табиғи өрт ТЖК бақылауында, онда өрттерді жою бойынша шаралар қабылдануда.
Бұдан басқа, өткен тәулікте Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарындағы құрғақ шөптің жануы жойылды.
Аталған өңірлерде дала жануының жалпы ауданы 4501 га құрады, оның ішінде Ақтөбе облысындағы өрттің ауданы айтарлықтай ауқымды 3600 га. Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.