$ 494.87  520.65  4.91

«Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы көпбалалы отбасыға баспана сыйлады

Әлеуметтік орталық көпбалалы аналардың мәселесі қашан да назардан тыс қалмайтынын айтады. Елде пандемия басталғалы орталыққа артылар жүк те көбейген.

Наурызбай аудандық «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы көпбалалы отбасыға баспана сыйлады. Осыдан бір жыл бұрын осы ауданға көшіп келген Айтбаевтар отбасы әлеуметтік орталыққа тіркеледі. Кейін кәсіпкерлердің қолдауымен, батыр анаға Ұзынағаш ауылынан 4 бөлмелі баспана кілті табысталды, - деп хабарлайды Sn.kz.

Жұлдыз бен Бақытжан бүгінде 10 бала тәрбиелеп отыр. Балаларының үлкені 22-де болса, ең кішісі 4 жаста. От анасы аудандық «Бақытты отбасы» орталығына барып, түрлі курсты тегін оқып, мемлекет қолдауын сезінеді. Балалары да осында қосымша білім алып, оқудан кейінгі уақытын тиімді өткізген. Орталық қызметкерлері батыр анаға демеуші тауып, баспаналы болуына себепші болды.

Бүгінге дейін Айтбаевтар отбасы 10 жылдан бері пәтер жалдап келген. Бала-шағасымен ойлаған жалғыз арманы – баспаналы болу. Ұзынағаштан 4 бөлмелі баспаныны иеленгенде қуанышында шек болмағанын айтады.

Бұған дейін 10 баламен пәтер жағалап, көшіп-қонып жүрген отбасы үшін қиын күндер артта қалды. Баспана кілтін қолға алғанына бүгін 1 ай болыпты. Жанұясымен 4 бөлмелі үйлі болатынын естігенде қатты қуандым дейді.  
  
«Баспаналы болу деген айтып жеткізе алмайтын сезім. Қазіргі күнге дейін баспана өзімізді екеніне әлі сене алмаймыз. Үй иесі келіп қалатын сияқты, пәтер ақысы келіп қалатын сияқты. Наурызбай аудандық әкімдікке, «Бақытты отбасы» орталығы қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді», – деді көпбалалы ана Жұлдыз Айтбаева.

Әлеуметтік орталық көпбалалы аналардың мәселесі қашан да назардан тыс қалмайтынын айтады. Елде пандемия басталғалы орталыққа артылар жүк те көбейген. Бүгінде ондағы қызметкерлер қашықтан жұмыс істесе де, тәулік бойы байланыста. Отбасылардың жағдайын біліп, көмек қолын созуға әр уақытта дайынбыз дейді.  

«Бұл кісі біздің орталыққа келіп тұрады жағдайын айтып. Біз мұндай кісілерге тек материалдық ғана көмек көрсетіп қоймай, бұлардың ақылшысымыз. Қуанғанын көрсеңіз. Бақшасы бар, міне, үлкен қызым мына көкөністерді егіп, осыған қарап отыр дейді», – деді Наурызбай аудандық «Бақытты отбасы» орталығының үйлестірушісі Нағигүл Бисенбина.

Бүгінде ауданда 2 мыңға жуық көпбалалы отбасы ресми тіркелген. Олардың бәріне кезең-кезеңімен жоспарға сәйкес әлеуметтік көмек беріліп отыр. Жығылғанға үміт отын жағып, сүрінгенге қолдау бола білген әлеуметтік орталық мұнымен тоқтап қалмақ емес.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары