Қаладағы азық-түлік өндіретін ірі кәсіпорындар карантин кезінде де жұмысын тоқтатпай белсенді жүргізіп жатыр. Сәйкесінше, ондағы сақтық шаралары да күйшейтілген. Зауыттарда қосымша санитарлық бақылау бекеттері ашылып, жұмысшылардың денсаулығына мұқият тексеру жүргізіледі, - деп хабарлайды Sn.kz.
Түрксіб ауданында орналасқан азық-түлік өнімдерін өндіретін ірі кәсіпорынның ашылғанына аз уақыт болса да ауқымы кең. Бүгінде мұнда шығарылатын май өнімерді мен соя елімізден бөлек, Қытай, Өзбекстан сынды шет мемелекеттерге тасмалданады. 500-ге жуық қызметкері бар ірі өндіріс кешені төтенше жағдай кезінде де жұмысын тоқтатпаған. Әр қызметкер санитарлық талаптарға сай жұмыс істеп жатыр.
«Кабинеттерде жұмыс орындарында, кварцтау жасалынады. Жұмысшыларды алып келетін автобустар да дезинфекциядан өтеді. Автобустар алып келерде және алып кетерде дезинфекция жасалынады. Қазір енді осы шараларға байланысты болар зауытымызда ауырған адам жоқ. Осы шаралардың арқасында деп ойлаймыз», – деді зауыт басшысының орынбасары Жүсіп Жұмаев.
Зауыт ішінде қызметкерлер үшін медициналық кабинет бар. Мұнда санитарлық нормалар барынша сақталған. Антисептик, бөлмені әр екі сағат сайын залалсыздандыратын кварцтеу лампасы орналасқан. Таңертең жұмысқа келген барлық қызметкерлер осында келіп дене қызуын өлшейді. Денсаулығына қатысты шағымдарын да осында келіп білдіре алады.
50 орынға есептелген зауыт асханасында да барлық санитарлық талаптар сақталған. Дезинфекциялық кілемше, антисептик, кезекке тұрған қызметкерлердің алшақтығы мен пен үстелдер арасы 2 метр арақашықтықта орналасқанын көруге болады.
«Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 350-400 тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндігіміз бар. Елде карантин орнаған кезде де осы мөлшерден төмен түспедік. Нәтижесінде көпшілікті сапалы өніммен уақытылы қамтып келеміз. Азық-түлік өнімін өндіретін зауыт болғаннан кейін бізде бұған дейін де санитарлық нормалар қатаң бақылауымызда еді. Қазір оны одан ары күшейттік», – деді зауыттың бас технологы Марал Дүйсенбаева.
Қазір кәсіпорындағы кеңседе отырып жұмыс істейтін қызметкерлердің 30 пайызы қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылған. Десе де басшылықтың айтуынша, олардың жалақысы сол күйінде толық сақталыпты. Сондай-ақ, алдағы күндері цех қызметкерлерінен басқасын үйден қызмет көрсетуге алмастыруды жоспарлап отыр.