Алматы қаласында халық өмірінің сапасын арттыруға арналған бірқатар нысандар іске қосылуда. Олардың арасында «Будённый» және «Маяк» скверлері, сонымен бірге, Жамбыл көшесінің бойы мен Қожамқұлов көшесінің бұрышындағы учаскені абаттандыру жұмыстары бар. Басты мақсат – қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы микроклимат жасау, - деп хабарлайды Sn.kz.
«Алматы-2050» стратегиясында белгіленген міндеттерге сәйкес, қала әкімшілігінің қызметінде басымдық берілген бағыттарының бірі қалада қолайлы орта қалыптастыру болып табылады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен қаланы абаттандыру бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде және түрлі жобалар, атап айтқанда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Қатысу бюджеті» бағдарламаларының аясында жүзеге асырылуда.
Қала тұрғындарына қолайлы өмір жағдайларын жасау мақсатында «Будённый» және «Маяк» скверлері іске қосылды.
«Будённый» скверінің жалпы аумағы 1,1 га құрайды, кеспе (брусчатка)жабынының аумағы – 2150 шаршы метрді, асфальт жабынының аумағы – 1579 шаршы метрді құрайды. Тұрғындар үшін скверде қолайлылық және қауіпсіздік жасау үшін оның аумағына заманауи 50 LED жарықшамдары орнатылған. Сонымен бірге, 16 жаттығу құрылғылары бар воркаут алаңдардың 4 түрі бар.
«Маяк» скверінде футбол алаңы, стрит-болл алаңы, сондай-ақ, жаттығу құралдары бар 2 воркаут алаңы бар.
Сонымен бірге, мереке қарсаңында Жамбыл көшесі бойы мен Қожамқұлов көшесінің бұрышындағы учаскені абаттандыру жұмыстары аяқталды. Алаңда скейтте, самокатта сырғанау, велосипед тебу сияқты заманауи спорт түрлерімен айналысу үшін барлық жағдайлар жасалған.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қаланы абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын еске саламыз. 2019 жылы 140-тан астам көше жөнделді, 2020 жылы 200 көшені жөндеп, тұрғындарға қолайлы болу үшін жер үсті жаяу жүргіншілер өтетін жоларды салу жоспары бар. 11 жобаны жүзеге асыру басталды, олардың арасында саябақтарды, скверлер мен көшелерді абаттандыру, өзен арналарының учаскелерін реконструкциялау және басқалары бар.