07.08.2020, 15:40

Қоянды ауылында екі бала суға кетіп қайтыс болды

фото: batys.info
Суға кеткен балалардың екеуі де мектеп оқушылары.

Елордаға жақын Қоянды ауылында екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 тамызда сағат 13:00 Ақмола облысының ТЖД дағдарыс кезіндегі басқармасына Целиноград ауданының Қоянды ауылындағы көлшікте (котлован, ені 50 м, тереңдігі 2 м) суға шомылмақ болған екі баланың суға батып кеткендігі туралы хабар түскен.

«Куәгерлер баланың біреуінің денесін жағаға алып шықты. Оның аты-жөні анықталып жатыр. Ал, 2012 жылы туған екінші баланың денесін Нұр-Сұлтан жедел құтқару жасағы іздестіруге кірісті. 

Іздестіру жұмысына Целиноград аудандық ТЖ жасағының 2 қызметкері мен 1 арнайы техникасы, аудандық полиция бөлімінің жеке құрамынан 2 қызметкері мен 1 арнайы техникасы жұмылдырылған», - дейді ведомство өкілі.