$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда халық санағын өткізу мерзімі өзгерді

Ұлттық халық санағын өткізу әдістері өзгеріссіз қалады, яғни 1-15 қазан аралығында мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында интернет-сауалнама жүргізіледі.
фото: informburo.kz
фото: informburo.kz

Қазақстанда халық санағын өткізу мерзімі өзгерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

«2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын өткізу 2020 жылғы 1-30 қазан аралығына жоспарланған еді.

Елімізде коронавирустық инфекцияның таралуы мен енгізілген карантиндік шектеу шаралары бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты Ұлттық халық санағын 2021 жылғы қазанға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Ұлттық халық санағын өткізу әдістері өзгеріссіз қалады, яғни 1-15 қазан аралығында мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында интернет-сауалнама жүргізіледі, 1-30 қазан аралығында мәліметтерді жинау үшін интервьюерлер жауаптарды планшеттерде тіркей отырып, халыққа жаппай сауалнама жүргізетін болады», - делінген ресми хабарламада. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#халық санағы