Түркия елі Қазақстанмен әуе жолы арқылы жолаушы тасымалдауды уақытша тоқтатты. Бұл жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы, Түркияның Қазақстандағы елшілігінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Хабарламаға көзжүгіртсек, Түркия 5 тамызда Қазақстанмен және басқа да елдермен авиарейстер арқылы жолаушыларды тасымалдауды тоқтату туралы шешім қабылдаған. Елдің мұндай шешім қабылдауына коронавирустың әлемге таралуы себеп болып отыр. Бұл шешім шыққаннан кейін 5 мен 6 тамызға жоспарланған әуе рейстерінің жұмысы орындалған.
Әзірге рейстердің жұмысы қашан қайта басталатыны белгісіз.
Сондай-ақ хабарламада: "Түркия Қазақстанмен достық, бауырластық қарым-қатынасты үзбейді, Қазақстанның коронавирус пандемиясымен күрес аясында қабылдаған шараларын бағалайды", - делінген.