Қазақстанның әскери дәрігерлер зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ливанға ұшты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
7 тамызда ҚР Президенті – ҚР ҚК Бас қолбасшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамының арасынан құралған 29 медицина маманы мен 4 аудармашы бар топ Нұр-Сұлтан-Ақтау бағыты бойынша ұшты.
8 тамыз күні таңертең Бейрут портында жарылыс нәтижесінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері әскери-транспорттық авиация ұшағы Ақтау - Бейрут бағыты бойынша ұшты.
Топ құрамында жоғары білікті хирургтар, травматологтар, нейрохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, сондай-ақ хирургиялық бейіндегі орта медициналық персоналдар бар.