$ 494.87  520.65  4.91

«Тиесілі қаржы бөлінген»: Көлгінов ұзаққа созылған құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды

«Нысандағы жұмыстарды кестеге сәйкес аяқтау маңызды», - деді елорда әкімі.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов «Шығыс» тұрғын үй кешеніне жататын блоктарының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, әкімнің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Таңертеңгілік аралау барысында «Шығыс» тұрғын үй кешеніне жататын 1а, 1в, 2а, 2в, 3а, 3б блоктарының құрылыс жұмыстарының барысымен таныстым. Бұл жердегі барлық блоктарда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құрылыс қарқыны мен жұмысшылар санын арттыруды тапсырдым.

Қазіргі қолайлы ауа-райын барынша пайдаланып, үйлердің, шатырлардың қасбетімен айналысу керек. Сонымен бірге, инженерлік желілерге уақытылы қосып, абаттандырумен айналысу қажет. Нысандағы жұмыстарды кестеге сәйкес аяқтау маңызды. Өз тарапымыздан барлық кедергілерді жоямыз, тиесілі қаржы бөлінген» деп жазды Алтай Көлгінов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары