Дәрігер-вирусолог Евгения Тарасова "Вечерная Москва" басылымына берген сұхбатында тромбоцитопениялық синдроммен байланысты безгектің таралу ықтималдығын болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Қытайда SFTS вирусын 60-тан астам адам жұқтырып, оның жетеуі қайтыс болғаны хабарлаған.
Тағы оқи отырыңыз:
Қытайда тағы бір қауіпті вирус тарала бастады
Аталған инфекцияның қоздырғышы кене болып табылады. Ал адамдар арасында қан немесе шырышты қабық арқылы жұғады.
Ауру белгісі ретінде науқаста жөтел пайда болып, қызба және лейкоциттер мен тромбоциттер деңгейінің төмендеуі байқалады.
"Инфекция ошақтары бір ғана елдің ішінде болғандықтан, бұл вирустың таралуы екіталай", – деп түсіндірді Тарасова.
Виролог қолданыстағы карантиндік шаралар мен шекаралардың жабық болуы инфекцияның Қытай аумағынан тыс жерге таралу ықтималдығын төмендетеді, деп атап өтті.