03.07.2020, 18:05

Дағдарыс кезінде БАҚ-ты қолдау: міндетті аударымдарды төлеуден босатылды

Фото: ашық дерек көзі
Министрдің айтуынша, қазір Қазақстандағы барлық БАҚ экономикалық қиындықтарға тап болды.

Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау мақсатында заң жобасы қабылданды.

Соған сәйкес, коммерциялық теле, радиоарналарды 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге ұқсас және эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату қызметтеріне ақы төлеуден босату көзделген.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева дағдарысқа қарсы шаралар аясында парламент 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейінгі кезеңге еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуден босатуды көздейтін заңнамаға түзетулерді мақұлдағанын хабарлады.

Мұның барлығы пандемия кезінде бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау үшін жасалып отыр. Себебі, министрдің айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары табысының 60%-ға дейінгі бөлігін жоғалтуы мүмкін. Бұл жайлы министр халықтың алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазір Қазақстандағы барлық БАҚ экономикалық қиындықтарға тап болды.

"Коронавирустық пандемияға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары үлкен экономикалық қиындықтарға тап болады. 2020 жылы жарнамадан түсетін кірістердің жоғалу болжамы орташа есеппен 30%-дан 60%-ға дейін деп болжанып отыр", - деді Аида Балаева кезедсу барысында.

Айта кету керек, 2020 жылдың сәуір айында бірқатар қазақстандық БАҚ Қазақстан президенті мен үкіметіне елдегі экономикалық жағдайды ескере отырып, оларды салықтан босату туралы өтініш білдірді.

Сонымен қатар министр БАҚ сапасын дамыту үшін контентке баса назар аударуға шақырды. Бұл тек ақпарат құралдары бетіндегі ақпаратқа ғана емес, сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс бойынша түсірілетін роликтерге де қатысты болып отыр.

Аида Балаева жергілікті идеологтар мемлекетіміздің басты басымдықтарын ұмытпай, бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарау керек деп санаймын деген болаты. Сол үшін әкімдіктер жанынан арнайы жұмыс топтары құруды тапсырды. Жаңа топ мемлекеттік тапсырыспен жасалатын өнімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланбас бұрын егжей-тегжейлі талдап, іріктеп алатын болады.  

Тегтер: БАҚ Дағдарыс