Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының маңғыстаулық өкілдері "Ақтау теңіз порты" АЭА мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жанна Доржығлованы жемқорлық дерегі бойынша қолға түсірді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
"Ж.Доржығұлова өзінің қызметін асыра пайдалана отырып, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды қызметкерлерімен сөз байласу арқылы заңсыз салықтық тексерулер жүргізіп, мемлекеттік бюджет есбінен "Wegatrade Petrolium" ЖШС-ға заңсыз түрде қосымша құн салығын қайтартқан. Келтірілген шығын көлемі 447 миллион теңге" делінген аталған хабарламада.
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.