$ 494.87  520.65  4.91

«Ақша басты кетіреді»: кәсіпкер Дәулет Төлеутайұлының парақшасын 36 млн теңгеге бағалап отыр

Сонымен қатар Дәулет Мұқаев сатқан жағдайда басқа парақша ашатынын ескертті.

Экономист, блогер Дәулет Төлеутайұлының парақшасы үшін кәсіпкер 36 млн теңге ұсынған көрінеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы қазақтың Дәулеті өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді. Кәсіпкердің айтуынша, парақшадағы оқырмандар өте белсенді екен. Ол ұсынысты ортаға сала отырып, оқырмандарымен ақылдасуға бел байлаған.

"Бағана бір адаммен кездестім. Кәсібінде миллиондар айналымда... Қысқасы, менің парақшамды сатуды сұрап отыр. Оның айтуынша, (зерттеуінше) менің парақшамда оқырмандарым өте белсенді, әрі өте шынайы адамдар. Парақшаны бағалаған құны 28.000.000 теңге! Иә, тек инстам 28 миллион теңге! Ал телеграм каналымды 3 миллион, ютубымды 5 миллионға сұрап отыр... Сонда барлық платформа жиыны 36 миллион теңге! Енді, бір жағынан сіздерді қимай отырмын. Бір жағынан 36 миллионға Астана не Алматыдан 3-4 бөлмелі пәтер... Қымбат автокөлік келеді-мыс! Оқырмандарыммен ақылдасайын дедім. Сіздер не дейсіздер...?", - деді блогер.

Сонымен қатар Дәулет Мұқаев сатқан жағдайда басқа парақша ашатынын ескертті. Дәулет жауабын дүйсенбі беретін боп келіскен.

Дәулеттің оқырмандарының көбі келісу керектігін айтса, кейбірі бас тартуды сұрап отыр. 

"Сатып жібер де, кредиттеріңнен құтыл", "Сіз парақшаны ғана сатасыз ғой, оқырман сатылмайды. Сондықтан сатып, керемет үй алыңыз. Жаңа парақшадан тауып аламыз", "Адал окырмандарыңды сатпа, ақша басты кетіреді", "Ағаш бір жерде жайқалып өніп-өседі", "Ее, ақшаның түбіне жеткен адам жоқ, жылы орныңды суытып қайтесің балам", "Бұл парақшаны сіздей белсенділікпен жүргізе алмасы анық", "Оқырмандарыңызды сатып жібергендей болмайсыз ба? Оқырмандарыңызды бір сынаған жеріңіз болды деп ойлаймын. Абырой бәрінен артық. Дәулет,осы оқырмандарыңыздың артқан сенімінің арқасында Дәулет болып тұрсыз", - деп пікір білдірді олар.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары