Жаңалықтар 10.08.2020 сағат 14:20

COVID-19-ға қарсы иммунитеті қалыптасқан адамдар тобы анықталды

Маманның айтуынша, мұндай адамдарды зерттеу коронавирусқа қарсы құралдың ойлап табылуына айтарлықтай әсер етпек.
COVID-19-ға қарсы иммунитеті қалыптасқан адамдар тобы анықталды
Фото: azattyq-ruhy.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Пастер атындағы Санкт-Петербург ғылыми-эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Арег Тотолян кейбір адамдарда коронавирусқа қарсы иммунитет бар екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Известия» басылымына сілтеме жасап. 

Сарапшы бұл «қауіпті аймақта» бірнеше ай бойы жұмыс істеген кейбір дәрігерлерді егжей-тегжейлі тексеру кезінде анықталғанын айтады.

"Дәрігерлер жүздеген науқастармен байланысқа түсті, бірақ олардың бойында антиденелер анықталмады", - деп атап өтті Тотолян.

Маманның айтуынша, мұндай адамдарды зерттеу коронавирусқа қарсы құралдың ойлап табылуына айтарлықтай әсер етпек. 

Бұған дейін Тотолян коронавирустық инфекцияға қарсы иммундық қабаттың максималды деңгейі 70 жастан асқандар мен балаларда байқалады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, көптеген аймақтарда вирусқа қарсы антиденелер көбінесе кәмелетке толмағандарда, атап айтқанда мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларында кездеседі. Иммунитеті бар азаматтар саны бойынша екінші орында 70 жастан асқан зейнеткерлер тұр. Ол егде жастағы адамдардың оқшаулану әрекетін анағұрлым белсенді деп түсіндірді. Зерттеушілердің айтуынша, зейнеткерлер немерелерімен қарым-қатынас нәтижесінде иммунитетті дамыта алады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар