$ 447.4  477.55  4.76

Абай күніне орай Қызылордада онлайн айтыс өтті (ВИДЕО)

Қазақ өз-өзін тану үшін алдымен Абайды тану керек деп ұрандатқан айтыскерлер мағыналы өлең жолдары арқылы елдегі жағдайды тілге тиек етіп, астарлы әзілмен жыр додасының сәнін кіргізді.

10 тамыз – Абай күніне орай Сыр жұртшылығы «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» атты онлайн айтысты тамашалады. Қызылорда қалалық мәдениет бөлімі ұйымдастырған айтысқа төл өнерді серік еткен жас ақындар Сырым Әділбеков пен Мұхамеджан Мансұров қатысты.

«Фарабимен ғылымым биіктесе, Қара өлеңім Абаймен асқақтайды!» - деп жырлаған жас ақындар ұлы Абайға ізгі жырларын арнады.

«Сен де бір кірпіш дүниеге қаланғын деп,

Жазамыз білім берген сарайларда.

Біріңді қазақ біріңді дос көрейік,

Шытынап кеткен кезде шарайнаң да

Деп бітімге келтіреміз қос қазақтың

Көздері бір-біріне алайғанда.

Алланың өзі де рас, сөзі де рас деп

Уағызын бастайды талай молда.

Болмасаң да ұқсап бақ деп баланы,

Талпындырып саламыз оңай жолға.

Сондықтан Абайменен қазақ бірге,

Өнеге алсақ, шығамыз қалайда алға!» - деп жырлаған жас ақындар Абай мұрасын насихаттады. Қазақ өз-өзін тану үшін алдымен Абайды тану керек деп ұрандатқан айтыскерлер мағыналы өлең жолдары арқылы елдегі жағдайды тілге тиек етіп, астарлы әзілмен жыр додасының сәнін кіргізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары