$ 494.87  520.65  4.91

Қызметінен босатылған экс-полицей краннан секіремін деп қорқытып, жұмыстан босатпауды талап етті

Оқиға орнына полиция департаментінің басшылығы мен жедел жәрдем бригадасы келіп жетті. Психологпен жұмыс жүргізілді.
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Елордада ішкі істер органдары қатарынан босатылған қызметкер кранға шығып, өз-өзіне қол жұмсауға талпынған деп хабарлайды kaz.nur.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

11 тамызда тәртіптік комиссияның шешімімен аталған қызметкер ішкі істер органдарынан босатылған. Ол қызметтік тәртіпті қатаң бұзып, өзінің бұрынғы әйеліне жүйелі түрде қол көтеріп, зорлық-зомбылық көрсетіп келген.

Бұған дейін аталған полиция қызметкеріне қатысты бұрынғы әйеліне дене жарақатын салу факті бойынша сотқа әкімшілік материал жіберілген.

Жауапкершіліктен құтылу мақсатында ол сотқа бармаған. Оның орнына Рысқұлбеков көшесінде орналасқан құрылыс алаңындағы мұнаралы кранға шығып, қабылданған шешімге наразылығын білдіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген.

Ер адам краннан секіремін деп қорқытып, жұмыстан босату туралы бұйрықтың күшін жоюды, әкімшілік іс жүргізуді тоқтатуды, сондай-ақ бұрынғы әйелінің халық алдында кешірім сұрауын талап еткен.

Оқиға орнына полиция департаментінің басшылығы мен жедел жәрдем бригадасы келіп жетті. Психологпен жұмыс жүргізілді.

Абырой болғанда, келіссөздерден кейін ер адам өз еркімен краннан түскен. Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік сотына жіберілді. Бұрынғы полиция қызметкеріне 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары