Жаңалықтар 11.08.2020 сағат 16:20

Путин Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина тіркелгенін жариялады

Сондай-ақ РФ басшысы уақыт өте келе әлемде коронавирусқа қарсы көптеген вакцина пайда болатынына үміт білдірді.
Путин Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина тіркелгенін жариялады
Фото: rbc.ru
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

РФ Президенті Владимир Путин үкімет мүшелерімен жиынды аша отырып, Ресейде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әлемде алғашқы болып тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Менің білуімше, бүгін таңертең жаңа коронавирус инфекциясына қарсы әлемдегі алғашқы вакцина тіркелді», - деді президент.

Путин Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашкодан осы туралы толығырақ мәлімет беруін сұрады. «Мен оның айтарлықтай тиімді жұмыс істеп жатқанын білемін, иммунитетті ауруға қарсы етіп қалыптастырады. Қайталаймын, ол барлық қажетті тексерулерден өтті», - деді ресейлік көшбасшы.

Бұдан бұрын М.Мурашко РФ Денсаулық сақтау министрлігі Н.Ф. Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы жасап шығарған екпенің клиникалық сынақтан өткенін мәлім еткен болатын. В.Путин атап өткендей, Ресейде тіркелген коронавирусқа қарсы вакцинаны жаппай шығаруды таяу уақытта бастау қажет. Бірақ оны егу ерікті түрде жүзеге асырылмақ.

«Біз таяу уақытта жаппай шығара бастаймыз деп үміттенемін, ең бастысы осы», - деді ол.

Сондай-ақ РФ басшысы уақыт өте келе әлемде коронавирусқа қарсы көптеген вакцина пайда болатынына үміт білдірді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар