$ 494.87  520.65  4.91

Парашюті толық ашылмай қалған әскери қызметшінің халі мүшкіл

Әскери қызметші Ақтау қаласының медициналық мекемесіне жедел жеткізілді. 8 тамыз күні дәрігерлер хирургиялық операция жасады.


2020 жылғы 5 тамызда Ақтау қаласында ұшу құрамы парашютпен секіруді орындау барысында әскери қызметшілердің бірінде парашют толық ашылмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Жерден берілген командаларға парашютші жауап бермеді, қосалқы парашютті пайдаланбай, нәтижесінде жерге қатты қонды.

Зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Әскери қызметші Ақтау қаласының медициналық мекемесіне жедел жеткізілді. 8 тамыз күні дәрігерлер хирургиялық операция жасады. Әскери қызметшінің жағдайы ауыр.

Парашютпен секіру қолайлы метеорологиялық жағдайларда жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес орындалды. Әскери қызметшілермен секіруді орындау алдында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқаулық өткізілді. 

Оқиғаның себептерін анықтау бойынша қызметтік тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары