$ 494.87  520.65  4.91

Өзімді қаһарман санамаймын - қиын сәтте халыққа қызмет көрсету парызым. Әр дәрігердің парызы

Біз Абай Нұрымбетов туралы айтқымыз келеді. Ол індетке қарсы күресіп жатқан дәрігерлердің бірі.

Қиын кезде адамның басты қасиеті оянады, нағыз қаһармандар пайда болады. Олар пандемия кезінде айналасына көмектесіп, әлемді жақсырақ, мейірімді қыла түсетін медицина қызметкерлері, волонтерлар, әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер.

Kaspi.kz әлеуметтік желіде «Алғыс эстафетасын» іске қосты. Әрқайсымыз Kaspi.kz-тің instagram-дағы ресми парақшасында осындай қаһармандар туралы баяндап, оларға көпшіліктің «Рахмет!» айтуына мүмкіндік бере аламыз.

Біз Абай Нұрымбетов туралы айтқымыз келеді. Ол індетке қарсы күресіп жатқан дәрігерлердің бірі. Көптеген қазақстандықтар сияқты ол да болашақты жоспарлап, тұңғышы өмірге келген сәтті күтіп жүрген еді. Алайда карантин кейбір мақсатына өзгеріс енгізді. Отбасы басқа қалаға кетті, қызы дүниеге келгенде жанында бола алмады. Тұңғышын тек бір айдан кейін көрді. Жедел жәрдем дәрігері алматылықтардың өмірі үшін әлі де күресіп жүр. Абаймен 20 шілде күні, коронавируспен күрестің ең қиын кезеңдерінің бірінде сұхбаттастық. 

- Абай, бүгін неше шақыру болды, науқастар көп пе?

-    Қазір түске таяп қалды. Алтыншы шақыруға барып келдік. Карантинге дейін әдеттегі күндері мұндай уақытта бір-екі шақыру болатын. Өткенде індет қатты болған кезде мүлдем үлгермедік. Қала бойынша 6-6,5 мың шақыру болды. Әр биргада 20-25 жерге барды. «Жедел жәрдем» қызметінде төрт бригада болады: желілік бригада, дәрігерлік бригада, интенсивті терапия биргадасы, фельдшерлік бригада. Мен желілік бригададамын. Шақырулар да санатқа бөлінеді. Бірінші санатқа өте ауыр науқастар кіреді, мұндай шақыруға 15 минутта жету керек.Еінші санатқа 30 минутта, үшінші санатқа 60 минутта, төртінші санаттағы шақыруға 60 минутта бару керекпіз. Біз осы күндері көбіне бірінші санаттағы шақыруға бардық деуге болады. Жағдайы ауыр науқастар көп болды. Сатурациясы 40%, өспесінің зақымдануы 80% адамдар, қант диабетімен, жүрек, қан тамыры ауыруларымен ауыратын қарт адамдар да көп болды. 

-    Өз өмірлеріңізге қаншалықты қауіпті?  

- Қауіпті. Сақтанамыз. Қорғаныш киімдер киеміз. Кейде күні бойы жүргенде масканың терең ізі бетке түсір қалады. Алдында бетінде масаның ізі қалған қытайлық дәрігерлерді көрсетіп жатқанда бізде сондай жағдайға тап болатынымыз деп ойламадық. Бірақ, таңдаған мамандығымыз, халыққа қызмет көрсеті дәрігердің парызы.  

-  Дәрігерлікті не үшін таңдадыңыз?

- Бұған себеп өзім де дәрігер отбасынан шыққанмын. Анам педиатор дәрігер. Кейін мамандық таңдау кезінде анамның жұмысы да ықпал етті. Қазір Алматыдағы жәдел жәрдемнің 4-ші қосалқы станциясы бар, сол жерде желілік дәрігер болып істеймін. Қазір өте қиын сәттерді бастан өткізіп жатырмыз. Науқастар да көбейді, жұмыс көлемі артты. Бірақ, медицина саласын таңдағаныма еш өкінбеймін. Қайта қуанамын. Өйткені мұқтаждардың, ауырып, емделіп шыққан халықтың қолдауын, алғысын аласың.

- Үш ай отбасында болмаған дәрігерлер бар екен. Сіз де солай жұмыс істедіңіз бе?

-    Мен де бірнеше ай отбасымды мүлдем көрмедім. Карантин басталған тұста, 20 наурыз күні төтенше жағдайға байланысты қалалардың арасында жол жабылатын болды. Жедел жәрдемде жұмыс істегендіктен қоздырғышты тасымалдаймын ба деп, аяғы ауыр келіншегімнің, іште жатқан қызымның денсаулығына де алаңдап, ауылға, Түркістан қаласына жібердім. Кетіп бара жатқан кезде қатты қиналдым.  Себебі отбасында қызықты да, қайғылы жағдайды да басқа болсын тек келіншегіңмен бірге көресің. Оның үстіне өмірге тұңғышым енді келейін деп отыр. Оның алдында өмірге келген кезде өзім қасында боламын дегендей жоспарым болған. Қазіргі карантин жағдайы бүкіл жоспарымызға өзгеріс енгізді. Бір жағында өмірге енді келейін деген тұңғышың, аяғы ауыр келіншегің. Бір жағында көбейген науқастар, сенің көмегіңді қажет ететін әріптестерің, ұжымың тұр. Негізгі күш дәрігерлерге түсті ғой. Мамандар санаулы. Сондықтан отбасымды ауылға жіберіп, дәрігерлік міндетімді орындап, халыққа қызмет көрсету мақсатында қалада қалдым. Түркістан қаласына кеткеннен кейін, бір айдан кейін, 28 сәуір күні қызым дүниеге келді. Жалпы қызымның дүниеге келуі өте қызық болды. Карантинге байланысты Түркістанда перзентханалар жабық, Кентау қаласында босанды. Жол жабық, ашық болса да жұмыс көп бара алмайсың, қызымды 4 маусым күні, бір айдан кейін бірінші рет көрдім. Оған дейін видеоқоңыраумен сөйлесіп жүрдік. Неге екенін оған дейін сезінбеппін, тек қолыма алғанда бірақ бірақ әке екенімді сезіндім. Ол сезімді айтып жеткізе алмаймын. Әке болу барлық ер азаматтың арманы ғой. Оның үстіне мен қатарластарыма қарағанда кеш үйлендім. Жұбайыммен негізі оқып жүргенде университете оқып жүргенде танысқанмын.

- Келіншегіңіз де дәрігерлер болды ғой

- Иә, дәрігерлер отбасымыз. Келіншегім дәрігер-терапевт. Қатар оқыдық. Бірақ оқып жүргенде қарым-қатынасымыз амандасудың айналасында еді. Кейін мен оқу бітіріп кеттім. Бірақ, маңдайға жазған жазу бар. 2018 жылы отбасын құрдық. Қазір Алматы қаласында учаскелік терапевт болып жұмыс істейді. Бала күтіміне байланысты үйде. Кішкентай қызымды бағып отыр. Қызыма қазір екі ай болды, денсаулығы жақсы. Алматыда, отбасыммен біргеміз.

- Қызым дүниеге келгенде қызық болды деп қалдыңыз. Атына байланысты ма?

- Жоқ, жалпы өмірге келген кездегі оқиғаларды айтамын. Атын Дария деп қойдық. Оны мен де, келіншегім босанғанда жанында болған анам да қойған жоқ. Өмірден өткен марқұм әкем қойып кетті. Көзі тірісінде немеремнің біреуінің атын Дария қоямын деп айтып жүретін. Кейін бауырларымның отбасында қыз болмады, бұл есім менің қызыма бұйырды. Әкемнің арманы орындалды. Өмірде бәрі қатар жүреді ғой. Қиын кезде қызым өмірге келді. Әкемнің армандаған аты қойылды.

- Kaspi.kz-тің әлеуметтік ролигінің кейіпкері болдыңыз. Көңіліңізден шықты ма?

- Әр саланың өз қиындығы бар ғой. Kaspi.kz-тің көп қызметін тұтынамыз. Әлеуметтік роликке түсуге шақырғанда әріптестерім-дәрігерлердің қазіргі қызметі туралы айтқым келді. Өйткені қазіргі таңда, дәл осы уақытта қаhарман деген- дәрігерлер. Covid 19 инфекциясымен күресте адамның адам өмірі үшін өздерінің өмірлерін қиғаны қаншама?! Күнделікті жұмыс барысында науқастардың қиналғанын көрудің өзі өте ауыр. Сол дәрігерлерді қаhарман деп айтуға болады. Ал өзімді  қаhарман деп санамаймын, өйткені халыққа қызмет көрсету парызым. Әрбір дәрігердің парызы. Бірақ, ол парызын артығымен орындап жүрген қаhармандар бар. Олардың еңбегін айту, көрсету парыз. Мен осыны айтуға, көрсетуге аз болса да үлес қосқым келді.

- Қазіргі індетпен күресте басты ереже қандай болуы керек?

- Бір ғалым «бірден бір сұлулық ол -денсаулық», депайтқан екен. Бұл аурудың ерте белгілері анықталса дереу дәрігерлерге жүгінген дұрыс. Оған дейін қарапайым сақтық шараларын орындау маңызды. Ол маска тағу, қолды жиі-жиі жу.  Бұл екеуі өте қажетті нәрсе. Күнделікті қиын жағдайға тап болған адамдарды көріп жүрмін. Әрине, дәрігерлер барынша ем жасайды, парызын орындайды. Бірақ, ең бастысы - денсаулыққа жауапты болу әр адамның өз қолында. Отандастарыма денсаулықтарын күтіп, қадірін білуін тілеймін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары