$ 494.87  520.65  4.91

Прокурор Әсия Төлесованы бір жылға соттауды сұрады

Оған «Билік өкілін қорлады» және «Билік өкіліне күш қолданды» деп айып тағылып отыр.
фото: azattyq.org
фото: azattyq.org

Прокурор Ерлан Құланбаев Әсия Төлесованы бір жылға соттауды сұрады. Бұған қоса, соттан 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (шамамен 222 мың теңге немесе 528 доллар) айыппұл төлетуді өтінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматының Медеу аудандық сотында белсенді Әсия Төлесованың ісі қаралып жатыр. Оған «Билік өкілін қорлады» және «Билік өкіліне күш қолданды» деп айып тағылып отыр.

Прокурордың айтуынша, Төлесова «қоғамға қауіпті қылмыстық әрекет жасаған, кінәсі толығымен дәлелденген және кешірім сұрағанына қарамастан оның істеген әрекетіне өкінгені байқалмаған».

Жәбірленуші алты полицей де прокурордың бұл сөзін қолдады.

Естеріңізде болса, қоғам белсендісі Әсия Төлесова Алматыдағы 6 маусымдағы митингіден кейін тұтқындалған. Ол наразылық кезінде полиция қызметкерінің фуражкасын қағып түсірген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары