$ 498.34  519.72  4.85

Нью-Дели көшелерінің біріне Абайдың есімі берілді

Сонымен қатар, Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына орай «Қара сөздер» кітабы хинди тіліне аударылды.
фото: Айқын
фото: Айқын

Үндістан астанасы Нью-Делидегі көрнекті көшелердің бірі Абай есімімен аталды. Бұл жайында Үндістанның Қазақстандағы елшісі Прабхат Кумар мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  Айқын басылымына сілтеме жасап. 

Ол Абайдың Қазақстандағы ұлтшылдықты дамытудағы үлесін еске түсіре отырып, оның халықаралық түсіністігін арттыруға қосқан зор үлесін ескере отырып, Үндістан астанасы Нью-Делидегі көрнекті көшелердің біріне Абайдың есімін берілгенін атаған болатын.

Сонымен қатар, Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына орай «Қара сөздер» кітабы хинди тіліне аударылды.

«Шабд Манжуша» немесе «Сөздердің қазынасы» деп аталатын кітапта Абайдың 40 өлеңі және 45 «қара сөзі» бар. Оның құрамына Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғы сөзі мен Үндістанның Қазақстандағы елшісі Прабхат Кумардың кіріспе сөзі енген», - делінген елшіліктің хабарламасында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары