$ 494.87  520.65  4.91

Астанада крематорий салынады

Оны салуға 1 миллиард 519 миллион 285 мың теңге бөлінді.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Астана қаласында 3,6 миллион долларға зираты бар крематорий салынады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы «Ашық бюджеттер» порталында хабарланды.

Зираты бар крематорий құрылысы биыл басталады. Ал нысан 2022 жылы пайдалануға беріледі. Жобаны жүзеге асыру қалалық құрылыс басқармасы және ведомство басшысы Сәкен Сәрсенғалиевқа жүктелді.

Оқи отырыңыз: «Мүрдені өртеу асыл дінімізде жоқ дүние» - ҚМДБ өкілі

«Құрылысқа жергілікті және республикалық бюджеттен 1 миллиард 519 миллион 285 мың теңге немесе 3,6 миллион доллар бөлінеді. Жобаның мақсаты – дәстүрлі жерлеу орындары бар зираттардың аумағын азайту», - делінген хабарламада.

Жоба 5 тамызда жарияланды, көпшілік талқылауы 19 тамызда аяқталады. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары