$ 494.87  520.65  4.91

БҚО: ауыл тұрғындары құдықтан екі баланың мәйітін алып шықты

Қайғылы оқиға 11 тамызда кешке болған.

Батыс Қазақстан облысы Жангелді ауданы Бірлік ауылында қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 11 тамызда кешке болған. Ауыл тұрғындары құдықтан екі баланың мәйітін алып шыққан. Олар бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментіне хабар берген.

"12 тамызда түнгі сағат 00.20-да 2017 және 2019 жылы туған балалардың құдыққа құлап кеткен туралы хабар түсті. Қайғылы оқиға Жангелді ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Шошай қыстауында болған. 11 тамызда түскі сағат шамамен 15.00-де ата-ананың қарауынсыз қалған 2 бала тереңдігі 3 метр болатын құдыққа құлап кеткен. Кешкі сағат 18.30-да жергілікті тұрғындар балалардың мәйітін құдықтан алып шыққан", - делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары