$ 494.87  520.65  4.91

Моңғолияда тағы бір адам қауіпті бубон обасынан көз жұмды

Марқұм ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Моңғолия аумағында тарап жатқан бубон обасынан тағы бір адам қайтыс болды деп хабарлайды kaz.nur.kz порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Моңғолияның батысында орналасқан Ховд провинциясында 42 жастағы ер адам көз жұмған.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Доржийна Нарангэрэла берген ақпаратқа сәйкес, марқұм өлер алдында суыр етінің екі тұлыпын сатып алған.

Бұған дейін Говь-Алтай провинциясында да дәл осы індеттен 15 жастағы жасөспірімнің қайтыс болғаны хабарланған. Марқұм ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.

Артынша марқұмның үш күн бұрын достарымен бірге суыр етін жегені белгілі болды.

Еске сала кетсек, Қытай мен Моңғолияда оба өршіген соң ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық шаралар мен азық-түлік қауіпсіздігін ұйымдастыру басқармасының жетекшісі Салтанат Әбілқасымова арнайы түсініктеме берген болатын.

Әбілқасымованың сөзіне сүйенсек, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай обаның өршуіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ ол Қазақстан жануарлар обасының таралуы үшін қолайлы екенін атап өтті.

Айта кетейік, бубон обасы – өте қауіпті жұқпалы ауру. Қазіргі уақытта ол жақсы емделіп, тексеріледі, бірақ қажетті көмек көрсетілмесе, ересек адам 24 сағат ішінде өліп кетуі мүмкін. Індеттің негізгі тасымалдаушыларына жабайы кемірушілер, суырлар, сарышұнақтар, егеуқұйрықтар жатады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары