Үстіміздегі оқу жылынан бастап аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 3 764 бала мектепке дейінгі мекемелерде білім алғаны үшін қаражат төлеуден босатылады, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Қоғамдық көлікпен оқушылардың тегін жүретіні туралы хабарды ШҚО әкімі Даниал Ахметов тікелей эфир барысында мәлімдеген.
Сондай-ақ жаңа оқу жылынан бастап 21 524 бала қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік алатын болды.
Бұдан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беру аясында 2020 жылы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 1,6 мың балаға нарықтағы сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша тегін білім алады.