$ 494.87  520.65  4.91

Sulpak дүкендер желісінің 2 сатушысы бірнеше ұялы телефонды ұрлаған

Келтірілген шығын сомасы – 6 миллион теңге.

Астанадағы тұрмыстық техника сатумен айналысатын Sulpak дүкендер желісінің екі сатушысы өзі жұмыс істейтін дүкеннен 20 ұялы телефон ұрлаған, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 28 шілде түнде болған. Түнгі ауысымға түскен жұмысшылар электр жарығының сөнгенін пайдаланып, қоймадағы жаңа смартфондарды сыртқа алып шығыпты. Олар 9 дана iPhone мен 11 дана Samsung смартфонын қолды қылған. Келтірілген шығын сомасы – 6 миллион теңге.

Шұғыл іздеу барысында күдіктілер ұсталып, олар ұрлық жасағандарын мойындады. Олар ұрлаған заттарын сатып үлгермеген, екеуі тұратын үйді тінту барысында телефондардың барлығы табылып, тәркіленді.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары