Бүгінгі күні коронавируспен ауырған балаларда Кавасаки синдромына ұқсас белгілер бар, деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Тимур Мұратов Антикор Орталығындағы онлайн-сұхбат барысында, деп хабарлайды zakon.kz.
"Біз Кавасаки синдромының өзі туралы айтып отырған жоқпыз. Мұны Кавасаки тәрізді синдром деп атайды, яғни бұл мульти қабыну синдромы. Көптеген әлемдік зерттеулерге сәйкес, бұл - балалар арасында симптомы білінбейтін коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан кейін пайда болатын синдром. Бізде жатқан балаларда да осыған ұқсас белгілер бар. Қазір зерттеу жүргізіліп, дәрігерлер кеңесіп жатыр. Мамандар кейін толығырақ есеп береді", - деп түсіндірді Мұратов.
Оның айтуынша, бүгінде 7 бала елорданың үш балалар ауруханасында емделіп жатыр, оның екеуінен коронавирус ауруы расталды. Яғни, оларда коронавирус инфекциясы барын растайтын антиденелер бар.
"Қалған бесеуінде әлі расталған жоқ, бірақ оларда да ұқсас жалпы белгілер бар. Қан зерттеуінде белгілі бір көрсеткіштер жоғарылайды, бұл денеде белгілі бір қабыну процестерінің жүріп жатқанын көрсетеді. Бірақ сырттан ешнәрсе білінбейді, денсаулығы жақсы секілді, еш жері аса қатты ауырмайды", - деп түсіндірді бөлім басшысы.
Оның айтуынша, бұл мәселенің екінші маңызды құрамдас бөлігі - бұл жұғама, жұқпай ма,қазір осы жағы зерттеліп жатыр.
"Қазір мен бұл туралы нақты айта алмаймын, бірақ бұл инфекцияның салдары, ол жұқпалы аурулар санатына жатпайды, сондықтан оларды кез-келген ауруханада емдеуге болады. Сонда да бұл мәселе толығырақ қарастырылатын болады, біз медициналық университеттердің профессорларынан, мамандарымыздан тұратын жұмыс тобын құрдық. Жақын арада біз жауап аламыз", - деді Мұратов.