Жаңалықтар 13.08.2020 сағат 22:26

«Көзін ағызып жіберіпті»: күзетшілер өлімші етіп сабаған жігіттің туыстары сот шешіміне наразы (ВИДЕО)

Темір қоршаудан секіріп өте алмай жатқан жігітті қуғыншылар аяғынан ұстап, кері тартқан. Сол кезде, қолтықтарын қаңылтыр кесіп, өтіпті. Марқұм осыдан кейін қансырап өлді, дейді апасы.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оралдағы жеке күзет агенттігінің қызметкерлері айықтырғышқа жеткізілген адамды қорлап өлтірген. Бұл туралы айтқан марқұмның туыстары кінәлілердің кейбірі бостандықта жүргенін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Күзетшілердің соты бүгін онлайн-форматта қайта жалғасты. Еске салсақ, жаға ұстататын қанды оқиға былтыр желтоқсанда болған еді. Жаңажылдық корпоративтік кештен "көңілді" шыққан жігітті полиция наркологиялық диспансерге жеткізген. Ол жабық мекемеде бүлік шығарған соң, көмекке шақыртылған күзетшілер жігітті өлімші етіп, тепкінің астына алады.  Эксклюзивті видеода бес жігіт бір адамға жабылып жатқаны анық көрінеді.

"Күзетшілер інімнің екі қолын қайырып, тепкінің астына алды. Жағын сындырып, көзін ағызып жіберіпті. Біз оны мәйітханаға барғанда танымай қиналдық. Сот кезінде күзет агенттігінің қызметкерлері лицензияны сатып алғандарын, жұмыс кезінде мас болғандарын мойындады", - дейді марқұмның туысы Бақыт Ахметова .

Бақыт Ахметова інісінің жанталасып сыртқа қашып шыққанын айтады. Темір қоршаудан секіріп өте алмай жатқан жігітті қуғыншылар аяғынан ұстап, кері тартқан. Сол кезде, қолтықтарын қаңылтыр кесіп, өтіпті. Марқұм осыдан кейін қансырап өлді, дейді апасы.

"Інімнің өліміне кінәлілердің бәрі жауапқа тартылуы тиіс. Бұл істе полицияның да айыбы бар. Олар, інімнің ақшасын тартып алып, өзін диспансерге тастап кетіпті. Інім сыртқа қашып шығып, жанармай құю бекетінен көмек сұрағанда да, ондағылар да қол ұшын бермеген. Кейін жедел жәрдемді шақырған кезде бәрі де кеш болды. Сот осы жәйттерді ескерсе екен", - деді  туысы Бақыт Ахметова.

Айта кетейік, "адам өлтірді" деп айыпталғандардың бірі - осыдан екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген Абзал Әділов. Ол осы отадан кейін күзет агенттігіне жұмысқа орналасқан екен. Ал, марқұмның туыстары "Айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылды", дейді. Өйткені жігітті соққыға жыққан 6 күзетшінің 2-уі ғана айыпталушы орындығында отырғанын айтады. Қалғандары "Куәгер" ретінде көрсетілген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар