$ 494.87  520.65  4.91

Карантин: 17 тамыздан бастап қандай қызмет түрлері қызметін бастайды

Жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесі дайын болды.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

2020 жылғы 17 тамыздан бастап барлық өңірлерде жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесі. 

- СОСО, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш. м);

- сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.);

- бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м.);

- балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары (топтарда — 5 адамнан артық емес, жазылу бойынша);

- мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық емес); ашық ауадағы аттракциондар (қашықтықты сақтау, маска тағы, адамдар ағынын реттеу).

Жұмыс берушілерге қызметкерлердің кемінде 80% үшін қашықтан жұмыс істеу форматын сақтау ұсынылады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары