Қазгидромет 16 тамызда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қостанай облысының кей жерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с, шаңды дауыл. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының күндіз кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Кей жерінде тұман болады. Шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде 15-20 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік батысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады кей жерде 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерде дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертен кей жерде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с жетеді.
16-18 тамызда Жамбыл облысында кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20, күндіз 16 тамызда екпіні 23 м/с күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында да найзағай жарқылдап, күн күркірейді.
Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерінде 15-20 м/с күтіледі.
16 тамызда түнде Маңғыстау облысының кей жерінде найғазай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Алматы облысында күндіз қатты ыстық болып, сынап бағанасы 35-36 градусқа көтеріледі.