$ 447.4  477.55  4.76

Бүгін кешке Қазақстанда 4,2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Зілзаланың энергетикалық класы – 8.7, MPV магнитудасы – 4.2, тереңдігі – 25 шақырым.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі бүгін 19 сағат 06 минут 33 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 237 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы – 8.7, MPV магнитудасы – 4.2, тереңдігі – 25 шақырым», - делінген хабарламада.

Жер дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары