Жаңалықтар 17.08.2020 сағат 20:01

«Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық қоры Мақтаарал тұрғындарына арналған 20 үйдің құрылысын толық аяқтады

Бірыңғай архитектуралық концепцияда салынған төрт бөлмелі үйлердің құрылысының сапасы қатаң бақыланды.
«Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық қоры Мақтаарал тұрғындарына арналған 20 үйдің құрылысын толық аяқтады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мырзакент ауылының (Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы) жаңа ықшам ауданында Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қайырырымдылық қорының қаражатынан су тасқынынан жапа шеккен тұрғындар үшін 20 үй салынды. 

Бірыңғай архитектуралық концепцияда салынған төрт бөлмелі үйлердің құрылысының сапасы қатаң бақыланды. Бір үйдің жалпы көлемі 100 шаршы метрді құрайды. Үйлер жаңа ықшам ауданның екі көшесінде орналасқан. 

Құрылыс жұмыстарына жергілікті «Нұр ел» және «Тіней-құрылыс» компаниялары тартылып, жергілікті тұрғындар уақытша жұмыспен қамтамасыз етілді. 

«Үйлер қысқа мерзім ішінде салынды. Құрылысты уақытында аяқтаймыз деген уәдемізді орындадық. Құрылыс жұмыстарының сапасына баса назар аударылды. Тұрғындар үшін барлық қолайлы жағдай жасалды», - дейді қордың жетекшісі Қасым Қасабеков. 

Сонымен қатар, инфрақұрылым жұмыстары да жүргізілді: барлық жолдарға асфальт төселіп, әр үйге су, газ  және жарық тартылды. Құрылыста отандық және шетелдік жоғары сапалы материалдар қолданылды. Жаңа үйлерге 2020 жылдың көктемінде су тасқынында баспаналары қираған 20 отбасы көшеді. 

Күні кеше Түркістан облысының әкімдігінде «Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық қорының өкілдері Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевпен кездесті. Қордың жетекшісі Қасым Қасабеков үйлердің құрылысы аяқталғанын мәлімдеді. Кездесуге қатысушылар бірқатар ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Соның бірі су тасқынынан жапа шеккен Мақтарал ауданының тұрғындарының арасында үйлерду бөлу болды. Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев қиын жағдайда қолдау көрсеткен Болат Назарбаев қоры мен оның негізін қалаушыларға шексіз алғысын білдірді. 

Мақтарал халқының жаңа үйлерге көңілі толатынын айта кеткен жөн. Кейбір отбасылар жаңа үйге қоныс аударып та үлгерді. 

«Барлығына көңіліміз толады. Үй өте кең. Біздің үлкен отбасымызға арналып салынғандай. Сапасы да жоғары. Құрылыс жұмыстарын мұқият жүргізгені байқалады. Жаңа баспана үшін Болат Назарбаевтың қайырымдылық қорына алғыс айтамыз», - дейді Мырзакент ауылының тұрғыны. 

Бүгінде Мақтарал ауданының Мырзакент ауылында төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары тұрақты жүргзіліп жатыр.  Жаңа ықшам ауданда 115 үйдің құрылысы толық аяқталған. Жалпы саны 386 үйдің іргетасы қаланған. Олардың ішінде 196 үй мемлекет бюджетінен қаржыландырылады. Қалған 190 үй қоғамдық қорлардың қаражатынан салынып жатыр. Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық қоры су тасқынынан зардап шеккен Мақтарал тұрғындарына арналған тұрғын үйдің құрылысын алғашқы болып аяқтады.

Еске сала кетейік, «Салиқалы ұрпақ» қоры бұған дейін Мақтарал тұрғындарына көмек ретінде 20 тонна азық-түлік жеткізген еді. Сонымен қатар, қордың көмегімен осы жазда көп балалы отбасылардың арасынан 20 бала Алматы облысының сауықтыру лагерінде демалып қайтты. 

«Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық қоры қызметін 2016 жылдың сәуірінде бастады. Қор бірнеше бағытта жұмыс істейді: аз қамтылған отбасылардағы жетім балаларды тәрбиелеп, көмек көрсету; аз қамтылған отбасыларға азық-түлікпен көмектесу, науқастардың ем-домына қаражат бөлу, оқудың төлемақысын жабу, мемлекеттік тіл мен ұлттық салт-дәстүрді дамыту, мешіт құрылыстары, әртүрлі деңгейдегі спорт шараларын ұйымдастыру. 
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар