$ 448.56  478.03  4.79

Сыр жастары Қышқалаға археологиялық экскурсия жасайды

Тарихи қамалдар мен көне қала орнына сапарға аттанған жастар арасында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылмақ.

Қазіргі пандемия жағдайына байланысты Сырдың жастары ел мүддесі үшін аянбай, игі істердің жанынан табылып жүр. Мәселен, аймақ өрендері жастар күніне орай жарияланған «Жастар апталығында» карантиндік талаптарды сақтай отырып түрлі форматтағы 72 шараны өткізуді қолға алыпты. Соның ішінде «Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың» деген пікірді ұстанған жас буын өкілдері тарихи орындарға экскурсия жасауды жоспарлаған екен. Олар «Birgemiz: Asyl Mura» бағыты бойынша Қоғалыкөл ауылының іргесіндегі көне Қышқала археологиялық аймағына сапарға шығады.

Тарихи қамалдар мен көне қала орнына сапарға аттанған жастар арасында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, пандемияға ахуалына орай ерекше еңбегімен көзге түскен белсенді ерікті жастарды марапаттау шаралары жүзеге асырылады.

«Жошы ұлысының Сыр бойындағы орталықтарының бірі саналған Қышқала қаласында өз заманында зәулім сарайлар болған, теңгелер соғылған. Бұл Қышқаланың Алтын Орда дәуіріндегі ірі саяси, мәдени және білім ордасы болғандығын көрсетеді. Сондықтан, мұндай танымдық шаралар төл тарихымыздың парақтарын ақтара отырып, жаңа серпінмен оралуға септігін тигізеді. Археологиялық экскурсия арқылы біз іргеміздегі көне шаһарға ғана емес, өткен ғасырларға сапар шегеміз. Әлбетте, бұл біздің тарихымыз жайлы білімімізді арттыра түседі», - дейді жастар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#археология