19.08.2020, 15:40

Маска тақпағандарға айыппұл сомасы төмендетіле ме? - министрлік жауабы

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабында көзделген маска кию режимін бұзғаны үшін қолданыстағы айыппұл санкциялары өз күшінде, мемлекеттік органдар оның мөлшерін азайтуды талқылап жатқан жоқ.

Әділет министрлігінің өкілдері бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсіновтің маска тақпағандарға айыппұл сомасы 2700 теңгеге дейін азаюы мүмкін деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабында көзделген маска кию режимін бұзғаны үшін қолданыстағы айыппұл санкциялары өз күшінде, мемлекеттік органдар оның мөлшерін азайтуды талқылап жатқан жоқ", - деді министрлік өкілдері.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда маска режимін сақтамағаны үшін айыппұл 83 340 теңгеден 2 778 теңгеге дейін азаюы мүмкін екені хабарланған еді.