$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбе су қоймасында құстар қырылып жатыр

Шағалалар күндіз Ақтөбе қоқыс полигонында жүреді, сол жақта қоректенеді.

Ақтөбе су қоймасында құстар қырылды. Экологтар су сынамасын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеліктер су қоймасы маңында құстардың қырылғанын көріп, әлеуметтік желіге жариялады. Кейін мамандар тексеру жұмысына кірісті.

 «Су қоймасында құстардың қырылғаны туралы ақпарат бар. Біз судан сынама алдық. Қорытындысы үш күннен соң белгілі болады», - деді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерболат Қожықов. 

Ал орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өз болжамын айтты.

 «Шағалалар күндіз Ақтөбе қоқыс полигонында жүреді, сол жақта қоректенеді. Кешке Ақтөбе су қоймасына келеді. Қазір себебін дәл айта алмаймыз», - деді орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жетекші маманы Артур Қаңтарбаева.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары