$ 446.49  475.38  4.79

Абай мұрасы – ұлт ұлағаты

Сырдың жыршылары да Абай туындыларын орындап, жырларына арқау етіп жүр.

Адалдықты ту етіп, қалың елін білім алуға, адам болуға шақырған Абай шығармаларында үлкен ғибрат жатыр. Артына мол мұра қалдырған ұлы суреткердің туындыларын насихаттау бүгінгі ұрпақтың парызы. Хакім Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан шаралардың легінен ұлы ақын мұрасының құнды жәдігер екенін көреміз.

 Сырдың жыршылары да Абай туындыларын орындап, жырларына арқау етіп жүр. Осы орайда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен «Абай мұрасы – ұлт ұлағаты» атты ақын-жыршылардың концерті өтті.

Онлайн форматта өткен концерт facebook әлеуметтік желісіне жарияланды. Аталған шараның негізгі мақсаты Абай шығармаларын Сырдың сырлы мақам-сазына салып орындау болатын. Онлайн концертті жас ақын Сырым Әділбеков ұлы Абайға арнаған арнау жырымен ашты. Одан әрі Алмат Азаматов, Айгерім Ешбаева, Балтабай Бедебаев пен қобызшы Зияда Жаңабергенова Абай шығармаларын нақышына келтіріп орындады. Бұл шараға үйірме шәкірттері де белсене атсалысты. 

Абайдың 175 жылдығына орай өткізіліп жатқан әрбір шараның маңызы зор. Өйткені, мұндай шаралар қазақ әдебиеті мен мәдениеті үшін үлкен мұра қалдырған кемеңгер ойшыл, ұлы суреткердің философиялық көзқарастарының, туындыларының астарын танып-түсінуімізге жол ашады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абай