$ 446.49  475.38  4.79

Коронавирус қазан айында тұмаумен қоса қайта қозуы мүмкін

Вирустың қазанда қайта қозуын болжаған Алексей Цой кеше Үкіметте айтылған 13 инфекциялық аурухананы сол уақытқа дейін салып тастауды межелеп қойды. Қазір жер телімдері бөлініп, ауруханалардың қызметкерлері жасақталып жатыр екен.
Фото: liter.kz
Фото: liter.kz

Вирус қазан айында қайта қозады. Әдетте осы кезеңде өршитін тұмаумен қоса covid-тің кезекті толқыны келеді деп қауіптенген Денсаулық сақтау министрлігі дайындықты пысықтап жатыр, деп хабаралайды КТК арнасы.

Алексей Цойдың айтуынша, өңірлердегі дәріханаларға 10 миллион дәрілік зат жеткізілген. Оған қоса  медициналық мекемелерде құны 24 миллиард теңге болатын препараттардың екі айлық қоры жасақталмақ. «Бұл шаруа қыркүйектің соңына дейін тындырылады», - деп, уәде етті министр.

«СҚ-Фармация» компаниясының негізінде республикалық және 11 аймақтық тұрақтандыру қоры құрылыпты. Ауруханалардың жабдықталуын жетілдіру мақсатында 2 578 өкпені жасанды желдету аппараты алынады. Бұл ретте министрлік аудандардағы ахуалды да қаперден шығарып алмауға тырысқан. Вирустың қазанда қайта қозуын болжаған Алексей Цой кеше Үкіметте айтылған 13 инфекциялық аурухананы сол уақытқа дейін салып тастауды межелеп қойды. Қазір жер телімдері бөлініп, ауруханалардың қызметкерлері жасақталып жатыр екен.

"2020 жылдың қазанына дейін еліміздің барлық аудандық ауруханаларын сандық рентген аппараттарымен 100% қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы жұқпалы аурулар ауруханаларына ұқсас 2,7 мың төсек-орны бар жаңа 13 аурухана салу туралы шешім қабылдады", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары