$ 444.22  476.38  4.82

Абай шығармалары – адамзатқа ортақ мұра

Ол кітаптан «Абай жолы» романы туралы қазақ ақын-жазушыларының естеліктері мен мақалаларын оқуға болады. Оныншы том «Слово об Абае. Литературные статьи» деп аталады.
фото: bilimdinews.kz
фото: bilimdinews.kz

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы кітапхана мамандары оқырмандарға арнап «Абай мұрасы – адамзаттың баға жетпес қазынасы» атты онлайн шолу ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желі көмегі арқылы жарияланған шолу барысында Абай шығармашылығына арналған жаңа әдебиеттер жайлы ақпарат берілді. 

«Халықаралық «Абай» клубы қазақ халқының ұлы ақыны, данышпан, ойшылы, композиторы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап ақынның 10 томдық шығармалар жинағын қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерінде жарыққа шығарды. Бұл жинақ «Абай» клубының президенті, жазушы Роллан Сейсенбаевтың құрастыруымен Алматы қаласындағы «Абай» клубы баспасынан 2020 жылы жарық көрді. 10 томдық шығармалар жинағының бірінші томы «Мыңмен жалғыз алыстым» деп аталады. Бұл кітапта бас ақынның өлеңдер жинағы топтастырылған. Алғы сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы берілген. «Ескендір» атты екінші томы Абайдың поэмалары мен аудармаларынан тұрады. Қара сөздерден тұратын  үшінші том «Ғақлия» деп аталады. Жинақтың төртінші томының атауы – «Хикмет». Бұл кітап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған. Ал, бесінші томда Абайдың қара сөздері ағылшын тіліне аударылып берілген. Алтыншы том «Книга слова, стихи и проза» кітабынан тұрады. Жетінші томда хакім Абайдың қара сөздері неміс тіліне аударылған. Ал, сегізінші томда ақынның поэзиялық және прозалық шығармалары француз тілінде жарық көрген. Жинақтың тоғызыншы томы «Абай туралы сөз» деп аталады. Ол кітаптан «Абай жолы» романы туралы қазақ ақын-жазушыларының естеліктері мен мақалаларын оқуға болады. Оныншы том «Слово об Абае. Литературные статьи» деп аталады. Мұнда хакімнің қара сөздері орыс тілінде берілген. Аталған кітапта әлемнің әйгілі әдебиетшілері, ақын-жазушылары мен ғалымдары, дін қайраткерлері Абай туралы терең ойларын білдірген. Бұл Абай әлемінің хакімдік пен ақындық шексіздігін, оның шығармаларының бүкіл адамзатқа ортақ рухани қазына екендігін көрсетеді», - деді жинаққа шолу жасаған кітапхана қызметкері.
 
Бейнешолуда «Абайтану әліппесі» жайлы да құнды мәліметтер берілді. Ол «Жақсы бала», «Жақсы ұстаз», «Жақсы ата-ана», «Жақсы құрбы-құрдас» деп аталатын жеке кітаптардан тұрады. «Абайтану әліппесі» электронды қаламның көмегімен дыбысталған. Яғни, кітаптағы жазбаларға қаламды тигізу арқылы Абай туындыларын тыңдап жүруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары