Полиция қызметкерлері интернетте порнографиялық фотолардың таралуының алдын алды. Аталмыш іске күдіктілер бірден қолға түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы ПД инстаграмдағы ресми парақшасына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының дерегінше, әлеуметтік желіде порнографиялық суреттердің таралуы туралы факт анықталған. Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласынан ұсталған 23 және 24 жастағы екі бойжеткен ересектерге арналған сайтқа тіркелген. Кейін әлеуметтік желідегі жеке парақшаларына өздерінің жалаңаш фотоларын салған. Күдіктілерге қатысты өндірістік қылмыстық іс қозғалды.
Оларға порнографиялық материалдарды заңсыз тарату бабы бойынша айып тағылған. Осы бап бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Естеріңізге сала кетсек, тәртіп сақшылары Қызылорда облысында есірткі тасымалдаушыларын ұстады. Қылмыскерлер полициядан қашып кетпек болған. Тәртіп сақшылары үш жергілікті тұрғынды ұстаған.
Оларды ұстау кезінде біреуі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген. Оның өміріне қазіргі уақытта еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Айта кетсек, Ақмола облысындағы ҰҚК қызметкерлерінің арнайы операциясы кезінде психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана жойылғаны хабарланды. Сондай-ақ, 27 шілде күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында ірі есірткі зертханасын жойды. Ол жерде синтетикалық есірткі өндірілген.