$ 494.87  520.65  4.91

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының Абай нұсқасы

«Жақсылыққа ұмтылу – Абай поэзиясының негізгі бағыты. Абай кейіпкерлеріне махаббатпен қарай білген. Абайдың заманындағы ақындар өлеңдерін бірінші жақта шығара қоймаған. Бұл тек Абайға ғана тән еді. 1882 жылы Семейдегі статистикалық комитеттің хатшысы Кончиннің атынан мынадай құжат жазылған:
фото: abaialemi.kz
фото: abaialemi.kz

Абай апталығы аясында филология ғылымдарының кандидаты, түркітанушы ғалым Серікбай Қосанов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының Абай нұсқасы» тақырыбында танымдық сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында Сыр ғалымы Абай жазған эпос жөнінде тың мәліметтерімен бөлісті.  Бұл жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды. 

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу жырының Абай жырлаған дастанында Сарыбай өлгенде Тазшаның айтқан жұбатуы, Баянның Қозыны жоқтаған өлеңі Абайдың ұлы Әбдірахман қайтыс болғанда шығарған жоқтау жырларымен стильдік жағынан барынша үндес келеді. Онда көп жерде сөзбе-сөз қайталанған Абайға тән теңеулер мен метафоралар жиі ұшырасады. Бұл да ойланыруы керек. Мысалы, жырдың Омск қаласынан табылған нұсқасында:

«Жер жүзіне жеткізген,
Мырзалық еркін даңқын да.
Білуші еді өзгеше
Әр ақылдың шарқын да.
Бассыз қалған байғұс ел,
Кір жұқты көңіл, көркіңе.
Көргеннен соң босарсың,
Намысың қоймас еркіңе. 
Қайраттанып осы жерден
Ақыл тоқтат беркіне. 
Сүйегіңе мін болар
Жетпей кетсең сертіңе!» - деген өлең жолдары Баянның аузымен айтылған. Ал Әбдірахман өлгенде Абай:

«Әділ мырза ер болып,
Әлемге жайған өрнекті.
Тәубесін еске түсіріп
Тентекті тыйып жерлепті.
Өшірмек Алла болған соң,
Пенденің қоймас еркіне.
Өлмектен басқа дауа жоқ
Алланың салған дертіне.
Құтылмас құл жол таппас,
Иесінің салған өртіне», - деп келетін шумақтар бір ұйқаспен, белгілі бір сөздерден құралған. Абайдың Құнанбайды, Әбішті, Оспанды жоқтаған өлеңдері мен Қозы Көрпешті жоқтаған Баян Сұлудың монологында жақындық бар. Мұндай алтын теңеулер Абайдың стилінен ғана табылатын сөздер», - деді Серікбай Қылышбайұлы. 

Ұлы Абай жазбаларының ерекшелігін сөз еткен ғалым одан әрі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының Абай жазған нұсқасы туралы кеңінен айтып берді. Эпостың бас кейіпкерлері – Қозы Көрпеш пен Баян қыздың өмірде отау тігіп, ұрпақ өрбітуі жөнінде келтірген мысалдарының көпшілік оқырман үшін тың ақпарат болғаны да анық. 

«Жақсылыққа ұмтылу – Абай поэзиясының негізгі бағыты. Абай кейіпкерлеріне махаббатпен қарай білген. Абайдың заманындағы ақындар өлеңдерін бірінші жақта шығара қоймаған. Бұл тек Абайға ғана тән еді. 1882 жылы Семейдегі статистикалық комитеттің хатшысы Кончиннің атынан мынадай құжат жазылған: 

«Өкінішке қарай, біздің аймақтағы бөлімге қазақ ертегілерін жинайтын адам табылмай тұр. Оның үстіне уақыт та тапшы. Осы орайда бізге орысша байланыстырып жақсы жаза алатын және орысша білетін дамыған, деңгейі жоғары Ибрагим Құнанбайұлы Өскенбаев көмектесе алар еді», - делінген. Содан кейін арада бір жыл өткен соң «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының Абай нұсқасы Омск архивіне түскен. Бұл жердегі байланыс көрініп-ақ тұр. Егер Абай болмаса, осындай көлемді эпосты кім жазуы мүмкін? Жырдың ішінде «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас» өлеңдеріне ұқсас шумақтар жүр. Тіпті, ондаған мысалдар келтіруге болады. Осыған қарап біз Абайдың «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»-ды қайта жырлап шыққанына күмән келтірмейміз. Өйткені, қолжазбаның безендірілуінен бұл анық көрініп тұр. Әрі Абай ғана шығармаларының оң жақ шетіне орысшалап мерзімін жазып қоятын болған.  Ол замандардағы басқа ақын-жазушылар жазбаларының соңына хижра немесе миледи уақыты бойынша уақытын жазып қоятын болған екен. Жырдың Абайға тән қолтаңбасы бар екі қолжазбасы Омск және Томск қалаларында сақталған. Абайдың қолтаңбасы анық білінетін бұл қолжазба бүтін, ұқыпты сақталған қымбат мұрасы деп білемін», - деді ғалым.

Сұхбаттың ең тұщымды тұсы да осы болса керек. Өйткені, ғалым жыр кейіпкерлеріне қатысты тың деректерді тарқатты. 

«Абай жырлаған нұсқада Қозы Көрпеш өлмейді. Жырда Қозы мен Баян қосылып, олардың Күләп деген ұлы болады деп жазылған. Қозы Көрпеш халыққа қайырымды хан болады. Оның баласы да әке тәрбиесін көріп, әділетті боп өседі. Қозы Көрпеш 37 жасында өз ажалынан дүниеден өтеді. Оның Күләптан бөлек Арқанат деген де ұлы болған. Абай осы жыр арқылы адамзатты кемелділікке үндейді. Абай кейіпкерін түркілердің ізімен, сонау Алтайдың стиліне салып қайырымды хан ретінде көрсете отырып, халыққа пайдалы идеясы бар көркем эпос ретінде жасаған», - деп ғалым сұхбатты қорытындылады. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары