$ 494.87  520.65  4.91

Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті

«Бәйтерек» бірлескен ғарыш зымыран кешенін («Назарбаев старты») құру жобасына және БАӘ-мен бірлескен, «Гагарин стартын» жаңғыртудың үшжақты жобасына ерекше назар аударылды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен кездесу өткізді. Бұл жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы, Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Екі тарап ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту мен Жерді қашықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады. «Бәйтерек» бірлескен ғарыш зымыран кешенін («Назарбаев старты») құру жобасына және БАӘ-мен бірлескен, «Гагарин стартын» жаңғыртудың үшжақты жобасына ерекше назар аударылды. 

Кездесуге ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Б. Мусин қатысты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары