$ 448.89  477.93  4.76

Тоқаев Фируза Шарипованы әлем чемпионы атануымен құттықтады

Фируза Шарипова кеше танзаниялық боксшы Хэппи Даудиді жеңіп, IBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта Әлем чемпионы атанған.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Фируза Шарипованы құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Талантты спортшы Фируза Шарипованы IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекедегі сенімді жеңісімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да табысқа жете беруіңе тілектеспін!", - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.

Еске салайық, қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова Қазанда өтіп жатқан кәсіби бокс кешінде IBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта Әлем чемпионы атанған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары